Государственное учреждение Отдел образования города Лисаковска Управления образования акимата Костанайской области
ВЕРСИЯ ДЛЯ ПЕЧАТИ
Оригинал статьи находится по адресу:
http://www.lis-edu.kz/lsk/news/2013-03-19/879-memlekettk__standarttar_men_halyi1179ara/
«Мемлекеттік стандарттар мен халықаралық әдістемесі негізінде қазақ тілін оқыту әдісі» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

2013 жылғы 15 наурыз күні  білім бөлімі тілдерді  оқыту орталығымен  бірігіп  «Мемлекеттік стандарттар мен халықаралық әдістемесі негізінде қазақ тілін оқыту әдісі» тақырыбында   семинар-тренинг  өткізді. Семинар-тренингке  қаланың қазақ тілі    мұғалімдері қатысты.

Семинар-тренингті  білім  бөлімінің әдіскері А.Ахметқалиева ашып, Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты екенін. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деп қадап көрсеткені жайлы атап өтті.

Бүгінгі таңда  қазақ тілін екінші тіл ретінде   оқыту жөнінде көп айтылып жүргендігі және   осыған байланысты қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін алғаш сөз еткен Қ.Қадашева оның ерекшіліктерін жіктеп көрсеткені жайлы сөз қозғады.

№1 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Несипова А.  қазақ тілі пәні бойынша Республикалық  қашықтық олимпиадаға оқушыларды қалай дайындау керек, қандай оқулықтарды назарға алу керектігіне мұғалімдердің назарын аударды.  Бұл сұраққа тереңірек тілдерді оқыту  орталығының директоры Күйшінова Ж.Т. тоқталып өтті. ҚАЗТЕСТ жүйесімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін шет тілі және екінші тіл ретінде меңгерудің әдістемесін әзірлеген  оқу-әдістемелік құралдарымен таныстырып өтті. Мұғалімдер танысып қана қоймай, оқулықтардағы тест, тапсырмаларды  орындады.

Білім бөлімінің әдіскері А.Ахметқалиева


Все права на материалы принадлежат лицам, их разместившим. Использование материалов разрешается лишь при указании источника.
Lis-Edu.kz - Образовательная сеть Казахстана.
Яндекс.Метрика