![]() |
Отдел образования акимата города Лисаковска |
|
|
|
|
|
Бекітемін:_________________________ мемлекеттік мекемесінің басшы Бурдыка Е.А. 2015 жылғы «30» наурыздың № 83 бұйрық
Оқыту-дала жиындарында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметті жабдықтаушының таңдауы бойынша конкурстық құжаттама
Конкурстыұйымдастырушы- «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 2 шағын аудан, 8- үй, тел. 8 (71433) 3-26-82, факс: 8 (71433) 3-35-52, БСН 060140008851, ЖБК KZ27070103KSN3918000 «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің қазыналық комитеті» ММ ББК KKMFKZ2A, e-mail – goroo@lis-edu.kz, интернет-ресурс: www.goroo.kz
(тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік деректемелерін, байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)
1. Жалпы ережелер
3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қосады: 1) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін; 2) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес техникалық тапсырманы; 3) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 3, 4-қосымшаларына сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді; 4) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді; 5) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды. 3. конкурсқа қатысқысы келетін әлеуеттік жабдықтаушы әскери-дала жиындарында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін бөлінген соммадан бір пайыз мөлшерінде қатысуға өтінішті қамтамасыз етумен конкурсқа қатысу өтінішін енгізеді. 1) Кепілдемедегі ақшалай жарна ақшалары конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) келесі банк шотында орналасқан «ҚР Қаржы Министрлігінің қазыналық комитеті» ММ, ЖБК KZ750705034640572001, ББК: KKMFKZ2A, шот валютасы: KZT. (конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету) орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы; 2) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.
2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету
4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді. 5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі. 6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді. 7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі. 8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.
3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу
9. Конкурсқа қатысуға өтінім: 1) осы Үлгілік конкурстық құжаттаманың 3, 4-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді; 2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды: заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар; осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс; конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы; бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі; осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы; осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы, теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі; осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 2 шағын аудан, 8- үй №2 кабинет конкурстық құжаттаманың тіркеу және қабылдау үшін жауапты конкурстық құжаттаманың хатшысы Макеева Светлана Михайловнаға (конкурсты ұйымдастырушының толық почта мекенжайы, кабинет нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдау мен тіркеуге жауапты адамның Т.А.Ә. көрсету) 2015 жылдың 20 сәуіры сағат 15-00 дейін мерзімінде (өтінімдерді қабылдау аяқталатын күн мен уақытты көрсету) береді. 11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді. 12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші жөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі. Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтер енгізіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді. 13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.
5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашуды 2015 жылдың 20 сәуіры сағат 16-00 де Қостанай облысы Лисаков қаласы 2 шағын аудан 8-үй №2 кабинет мекенжайы бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді. 15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды. 16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерін ашады. 17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылуға жатады. 18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.
6. Конкурстық өтінімдерді қарау
19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. 20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді. 21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды. 22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды. 23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді. Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады. 24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерін көздейді. 25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді. 26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді. Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі. 27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі. 28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады. Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады. 29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды. 30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды. 31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады. 32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді. 33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді. 34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді. 35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі – конкурс өтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес. 36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады. 37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді. 38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай: 1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған; 2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды. 39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді: 1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды; 2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды; 3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымша
Оқыту –дала жиындарында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметті жабдықтаушының таңдауы бойынша конкурсы қызметін алушылар санаттарының тізімі
(конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету)
Күні: 30.03.2015 ж.
Басшы _____________________ Бурдыка Е.А. (Т.А.Ә., лауазымын көрсету) М.О.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымша
Оқыту –дала жиындарында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызметті жабдықтаушының таңдауы бойынша конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмалары
Әскери-дала жиындарындағы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызмет мекенжай бойынша көрсетіледі: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласының әкімшілік аймағы («Алый парус» лагері)
Тамақтану жергілікті бюджеттік есебінен 54 оқушыға 340000 (үш жүз қырық мың) теңге соммада беріледі. Кндер саны – 5. Қызметті көрсету мерзімі: 2015 жылдың 29 мамырынан 02 маусымына дейін. «Алый парус» лагерінің аймағына тамақ әкелуі сәйкес температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыста жүзеге асырылады.
Оқыту-дала жиындрында оқушылар үшін бектілген және келісілген мәзір
ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша қызметті көрсету барысында жабдықтаушы келесі талаптарды орындау керек:
Тағамдарды дайындау барысында йодталған тұзды қолдану керек, үшінші және тәтті тағамдарға С-витаминизациясын қолдану. Сүт тағамдары термиялық өңдеуден кейін қолданылады, салаттар өсімдік майымен араластырылады. Көкөністермен, жемістермен, ірімшікпен жасалған пісірілген нандар асхананың мүмкіндігінен жасалады.
Күні: 30.03.2015 ж.
Басшы _____________________ Бурдыка Е.А. (Т.А.Ә., лауазымын көрсету)
М.О.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін)
Кімге __________________________________________________________ Кімнен ________________________________________________________ 1. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер:
2. _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) осы өтініммен _______________________________________________________ (конкурстың толық атауы) конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес ____________________________________________________________________ (қажетін көрсету керек) қызмет көрсетуді жүзеге асыруға келісім береді. 3. _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды. 4. _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және ________________________________________ көрсетілетін қызметтердің (қажетін көрсету керек) өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды. ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды. 5. Осы конкурстық өтінім ___ күн ішінде қолданылады. 6. _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) жеңімпаз деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз. 7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.
Күні
Басшының қолы _____________________ М.О. (Т.А.Ә., лауазымын көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 4-қосымша
Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлға үшін) Кімге __________________________________________________________ Кімнен ________________________________________________________ 1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:
2. _____________________________________________________________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі) осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуді (қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді. 3. _____________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды. 4. _____________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды. ________________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды. 5. Осы конкурстық өтінім __ күн ішінде қолданылады. 6. _____________________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы) конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгізуді міндеттенеміз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі). 7. Конкурсқа қатысуға өтінім біздің арамыздағы міндетті шарттың рөлін атқарады.
Күні
Басшының қолы _____________________ М.О. (Т.А.Ә., лауазымын көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымша
Қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші толтырады)
_________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауын көрсету) әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар. Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының көшірмелері қоса берілген ____ аспазшы, ____ технолог, ____ диетолог құрайды:
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету) алынатын көрсетілетін қызметтерге ұқсас көрсеткен қызметтердің көлемі.
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауы) рұқсат беру туралы белгісі бар жұмысқа жіберілген автокөлік пен жүргізушіге растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген, қызмет көрсетуі үшін мамандандырылған автокөлігі (бар болса) бар:
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.
Күні
Басшының қолы _____________________ М.О. (Т.А.Ә., лауазымын көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымша
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау критерийлері
Ескертпе: 4, 5-тармақтарда балдар әр маман үшін қойылады.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымша
Банктік кепілдік
______________________________________________________________ Кімге:________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері) №_________кепілдік міндеттеме ______________________________ ____ж. «___»__________________ (орналасқан жері) Біз бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын _________________________, (әлеуетті өнім берушінің атауы) _____________________________________________________ ұйымдастырған (конкурсты ұйымдастырушының атауы) Білім беру ұйымдарының білім алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау конкурсына қатысатындығынан және ___________________________________________ қызмет көрсетуге әзір екендігінен хабардармыз. ________ж. «___»______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген. Осыған байланысты біз_______________________осы арқылы өзімізге Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ өнім беруші: конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғанын; конкурс жеңімпазы деп танылған өнім берушінің қызмет көрсету туралы шарт жасасудан жалтарғанын; қызмет көрсету туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағанын не уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алысымен ________________________________________________________________тең (сомасы цифрлармен және жазбаша) соманы Сізге төлеуге қайтарылмайтын міндеттеме аламыз. Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді және өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімі қолданылатын соңғы мерзімге дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады. Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Күні
Басшының қолы _____________________ М.О. (Т.А.Ә., қызметін көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
____________________________________________________________________ (банк атауы) ___________ (күнін көрсету) жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес аталған Банк қызмет көрсететін (заңды (жеке) тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн) банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан көп созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ екенін растайды.
Күні
Басшының қолы _____________________ М.О. (Т.А.Ә., қызметін көрсету)
|