Доклад Иманбаева
|
|
Вебмастер СШ №6
|
14:43 22 ноября 2012 г. |
Просмотров: 10296 |
Құзыреттілік тапсырмаларды қазақ тілі сабағында қолдану. Құзыреттілік тапсырмаларды қазақ тілі сабағында қолдану.
Иманбаева Қ.Ш.
№ 6 орта мектеп мұғалімі
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялар мен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.
Оқу орнын бітіруші жас түлек еліміздің білім саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтардан толық хабардар бола отырып, өмірдің кез-келген жағдаяттарынан шыға білетін алғыр да білімді жас болып тәрбиеленуі тиіс.
Олай болса жас түлектің құзырлылық қабілеттерінің артуына, өзін-өзі дамытуына, жаңалық ашып ізденуіне педагогтың құзыреттілік қасиеті маңызды роль атқарады.
Құзыреттілік – бұл танымда пайда болған мәселені өз бетінше шешу үшін қажетті, өз позициясын анықтауға, адамға қоғамдағы өмірлік нормалар мен ережелерді дұрыс орындауға мүмкіндік беретін даму деңгейі. Бала өз жұмысын өзі жоспарлап, алдына мақсат қойып, оған қол жеткізуге үйренуі тиіс. Мектепке дейінгі жастағы балада әлеуметтік-мәдени тұрғының ауысуында қабілетінің еркіндік қимылы қалыптасуы тиіс.
Білім сатылары бойынша « Қазақ тілі» пәнінен құзыреттілік түрінде күтілетін нәтижелер анықталып беріледі. «Қазақ тілі» пәнінен күтілетін нәтижелер үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.
Проблемаларды шешу құзыреттілігі: әр түрлі тілдік жағдаяттардағы проблемаларды анықтайды, өздігінен шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады; өзгермелі өмір жағдайларында туындаған жағдаяттарда міндеттерді шешетін технологияларды таңдай алады,сөздерді өз мақсатына, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талғап қолдана алады; өзгелермен тіл табысуға қажетті сөздерді талғай алады. Тілді қарым-қатынастық, танымдық, экспрессивтік қызметтеріне сай қолданады.Сөздік қорын өз бетінше толықтырады.
Ақпараттық құзыреттілігі: ақпараттарды сыни тұрғыда талдайды, соның негізінде саналы шешім қабылдайды; тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алады; логикалық операцияларды еркін қолдана отырып ақпараттарды өз мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолданады; мәтіннің көркемдеуші және мәнерлеу құралдарын анықтай алады; ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып , шығармашылық жұмыстарды орындайды.
Коммуникативтік құзыреттілігі: сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдыларыды меңгереді; ауызша және жазбаша тілде сөзді құрау ережелерін, сөзді таңдау тәсілдерін және грамматикалық нормаларды ұстанады; оқу материалдары бойынша дискурсқа қажетті дағдыларды меңгереді; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгереді; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгереді; ауызша, жазбаша және компьютерлік сөйлеу тілдерінде тілдік сезім мен қажетті коммуникативтік сапарларды қолданады; пікірталас түрлеріне сай тілдік құралдарды пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады және өз пікірін қорғай алады; ұсынылатын тақырып пен тілдік жағдайларға сай сөздерді орынды жұмсай алады; ұлттық- мәдени ұғымдарды ажырата алады, әдеби тіл нормаларын сақтап сөйлейді; сөз дұрыстығы талаптарын меңгереді
Мұғалім алдында отырған әр оқушы «ақ парақ» деп есептесек, сол парақтардың толтырылуы мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Мен алдымда отырған баланы оқуға, білімді өз бетімен алуға, шығармашылыққа, алған білімді практика жүзінде қолдана білуге үйретуім керек. Мұғалім ең алдымен оқушының даралық қасиетін ашуы керек. Ол үшін мен жоба бойынша оқушыларыма төмендегідей тапсырмалар беремін.
- Өз есіміңнің немесе әр түрлі сөздердің шығу тарихына, мағынасына үңілу, зерттеу;
- Мақал-мәтел, жаңылпаштар жаттау және соларға ұйқастырып ойдан мақал-мәтелдер, жаңылпаштар құрастыру;
- Дайын ұйқасқа өлең шығару;
- Аяқталмаған ертегі, әңгімелерді өзіндік шығармашылықпен аяқтау;
- Оқушылардың бір –біріне немесе шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруі;
- Түрлі заттар атынан ой-толғаулар жазу.
Оқушылардың құзырреттіліктерін игеру мақсатта қазақ тілінің әр саласы бойынша берілетін тапсырмаларды ұсынамын. Көбінесе бұл ҰБТ-ға дайындалу кезеңінде немесе қорытынды сабақтарда қолданылатын тапсырмалар.
Фонетика
|
Дыбысқа сипаттама
|
Қандай дыбыс ?
|
1
|
жіңішке , езулік , ашық
|
|
2
|
қатаң , тіл арты , шұғыл
|
|
3
|
жуан , еріндік , қысаң
|
|
4
|
жуан , езулік , ашық
|
|
5
|
ұяң , тіл арты, ызың
|
|
6
|
үнді , тіл арты , шұғыл
|
|
7
|
жіңішке , езулік , қысаң
|
|
8
|
қатаң , көмей , ызың
|
|
9
|
жіңішке , еріндік , қысаң
|
|
10
|
жуан , еріндік , ашық
|
|
11
|
қатан , тіл алды , ызың
|
|
12
|
жіңішке, езулік , ашық
|
|
13
|
үнді , тіл алды , діріл
|
|
14
|
үнді , еріндік , шұғыл
|
|
15
|
үнді , тіл ортасы , ызың
|
|
16
|
жіңішке , еріндік , ашық
|
|
17
|
қатаң , ерін мен тіс , ызың
|
|
Кесте бойынша тапсырмалар:
- Кестені толтыр
- Кесте бойынша үш тірек-схема жаса:
ә) дыбыстар
а) дауысты дыбыстар
б) дауыссыз дыбыстар
3. Дыбыс болмайтын әріптерді ата (кестеде жоқ)
4. Тән дыбыстарды ата (кесте бойынша)
Фонетика. Тест.
1. Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
A) ң , и
B) а , ы
C) е , ң
D) у , ң
E) і , о
2. Біріңғай қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
A) б , в , п , й
B) р , т , к , қ
C) р , н , л , м
D) щ , ш , х , ц
E) у , т , з , ж
3. Тұйық буынды сөзді табыңыз.
A) тұз
B) ана
C) ақ
D) көк
E) нан
4. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.
A) ә , ө , і
B) а , ә , е
C) ы , і , и
D) э , о , ү
E) о , ө , у
5. Тек ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.
A) Б , В , Р, Л
B) Д , Ж , С , В
C) Б , В , Ғ , З
D) П , У , Х , В
E) П , Ғ , В , К
6. Тек ашық буынды сөзді анықтаңыз
A) Кеше
B) Батыс
C) Тағам
D) Даңғыл
E) Ертең
7. Тек жуан дауысты дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.
A) Ұлытау , қуғыншы
B) қыстыгүні , кітаптар
C) емхана , арбакеш
D) игілік , ержүрек
E) Кенесары , өнерпаз
8. «Ы» әрпі қойылатын сөзді көрсетіңіз.
A) М...нез
B) Жазғ....
C) Кәр...
D) Бөр...к
E) Д...мді
9. Қазақ тілінде неше үнді дыбыс бар екенін көрсетіңіз.
A) 9
B) 7
C) 4
D) 5
E) 8
10. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.
A) Ад+ам
B) Жо+лау+шы
C) Қа+йық
D) Жа+рай+сың
E) Құ+мырс+қа
|
11. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар санын көрсетіңіз
A) 10
B) 9
C) 25
D) 15
E) 30
12. Жіңішке, жуан дыбыстары араласып келген сөздерді табыңыз
A) Қараша
B) Қазір
C) Жұмысшы
D) Есенгелді
E) Дүйсенбі
13. Тек ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз
A) у , н , ң , л
B) б , г , ғ , д
C) л , ч , ж , й
D) қ , к , т , с
E) п , ф , ғ , г
14. Тек ашық буыннан құралған сөзді табыңыз
A) Ойбай
B) Алтай
C) Шағала
D) Қарағай
E) Өзге
15. Тек қана жуан дауысты дыбысы бар сөздерді белгілеңіз
A) Сабақ
B) Ел
C) Жаздыгүні
D) Күндіз
E) Бүгін
16. Ұяң дыбыстарды көрсетіңіз
A) ч , ш
B) й , л
C) қ , к
D) б , в
E) р , у
17. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз
A) Марал , қант
B) Арқа , көңілге
C) Бұғы , ұлт
D) Өрт , ас
E) Жоқ , от
18. Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын сөзді көрсетіңіз
A) Келешек
B) Аласа
C) Емхана
D) Білімпаз
E) Декан
19. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз
A) Б , В , Г
B) Ф , Х , Ч
C) Б , Л , Қ
D) Ж , Р ,С
E) Р , У , Н
20. Тек ашық буынды сөзді көрсетіңіз
A) Ар-ман
B) Ба-ла-мен
C) Қа-ла-ға
D) Өрт
E) Дәп-тер
|
Лексика.
І . Сипаттама бойынша омонимдерді жаз.
|
Сипаттама
|
Омонимдер
|
1.
2.
|
Бірі – ағаш кесу құралы ,
Бірі – шырынды бал бұлағы.
Біресе - белгілі аурумын балалардың ,
Біресе - қант берер өсімдікте бола аламын.
|
|
ІІ. Фразеологизмдерге сәйкес сөздерді аудармасымен жаз:
далеко, тихий, талантливый, выделиться, жестокий, стыдиться, испугаться, умереть, быстро, обманывать
|
Фразеологизмдер
|
Сәйкес сөздер
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
|
Ит өлген жер
Сегіз қырлы, бір сырлы
Қара бет, тас бауыр, тас жүрек
Төбе шашы тік тұрды
Көзді ашып-жұмғанша
Дүниеден өтті
Жерге кіргендей болу
Көз бояу
Көзге түсу
Қой аузынан шөп алмас
|
далеко - алыс
|
Лексика. Тест.
1.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз.
A) Омоним
B) Көп мағыналы
C) Антоним
D) Синоним
E) Фразеологизм
2. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.
A) Мамық төсек
B) Суық жел
C) Кеңпейіл адам
D) Суық қолды адам
E) Салқын ауа
3. Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз.
A) Бірлік, ынтымақ – байлық , бақ
B) Ынтымақ болмай, іс оңбас
C) Көп сөз – көмір, аз сөз - алтын
D) Ел бірлігі – ел теңдігі
E) Әлін білмеген әлек
4. Шешендік сөзді аяқтаңыз.
«Жаңбыр жаумаса,
Жер жетім,
Басшы болмаса, ....»
A) Күн жетім
B) Ел жетім
C) Тау жетім
D) Сөз жетім
E) Жол жетім
5. Синонимдер қатарын табыңыз
A) Аймақ , қорық , белес
B) Күшті , ескі , қысқа
C) Көркем , әдемі , әсем
D) Ашық , кең , жаңа
E) Биік , аласа , ұзын
6. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді көрсетіңіз.
Жаңбырсыз жер жетім , жақсысыз ел жетім.
A) Жаңбырсыз
B) Ел
C) Жер
D) Жетім
E) Жақсысыз
7. Синонимді табыңыз.
A) Отан - отаншыл
B) Әке - шеше
C) Өлім - өмір
D) Сыйлау - құрметтеу
E) Ақ – қара
8. «Пайда» сөзінің антонимін табыңыз.
A) Байлық
B) Кедейлік
C) Зиян
D) Қамқорлық
E) Құн
9. «Ұлан-байтақ» сөзінің синонимін табыңыз:
A) Ұзақ , алыс , шалғай
B) Кең , ұлан-ғайыр
C) Басқа , шалғай , шалқар
D) Шетсіз , қиыр-шығыс , алыс
E) Жақын , тар , ұзын
10. Антонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
A) Еңбек етсең , емерсің
B) Батыр туса - ел ырысы
C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
D) Көз-қорқақ , қол-батыр
E) Мектеп – кеме, білім - теңіз
|
11. Мақалды толықтырыңыз: «Отансыз...-ормансыз бұлбұл»
A) адам
B) ер
C) ел
D) жер
E) аспан
12. Тура мағынасындағы сөзді көрсетіңіз
A) Қоян жүрек
B) Темір тәртіп
C) Қызыл жіп
D) Алтын қол
E) Күміс дауыс
13. Антонимдерді белгілеңіз
A) Ұқсас – тәрізді
B) Ұнату – жақсы көру
C) Сүю – жек көру
D) Оқиға - жағдай
E) Сұлу - әдемі
14. Антоним сөздерді табыңыз:
A) Қыздар, әйелдер
B) Жылдам, ақырын
C) Алғаш, тұңғыш
D) Көзі, мұрны
E) Сұлу, әдемі
15.Синонимдік қатарды анықтаңыз
A) Жақсы , тәртіпті , тез
B) Әдемі , сұлу , көркем
C) Қиын , оңай , орташа
D) Тау , теңіз , көл
E) Аңыз , әңгіме , өлең
16. Мақалды аяқтаңыз:
«Еңбек етсең ерінбеі,
Тояды қарның...»
A) Сұранбай
B) Ойланбай
C) Жыланбай
D) Тіленбей
E) Білінбей
17. «Биік, алыс» сөздерінің антонимін табыңыз.
A) Аласа, жақын
B) Баяу, тез
C) Жақсы, жаман
D) Ұзын, қысқа
E) Қысқа, артық
18. Мақалдың жалғасын табыңыз.
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ...... ......
A) елге құрмет
B) білім біл
C) тас жарады
D) ұлт жоқ
E) тіл біл
19. «Мол» сөзінің синонимін көрсетіңіз
A) Қалың
B) Жиі
C) Аласа
D) Көп
E) Аз
20. Антонимнің анықтамасын табыңыз
A) Жазылуы ұқсас, мағыналары әр түрлі сөздер
B) Аяқталған ойды білдіретін сөз
C) Мағыналары қарама – қарсы сөздер
D) Заттың қимылын білдіретін сөздер
E) Жазылуы әр түрлі, мағыналары ұқсас сөздер
|
Морфология.
Зат есім.
І. Етістіктер арқылы зат есімді табыңыз.
|
Етістіктер
|
Зат есім
|
1.
2.
3.
4.
5.
|
Шығады, жылу береді, нұр төгеді
Жүгіреді, қабады, ырылдайды
Ұшады, ән салады
Өседі, сарғаяды, жерге түседі
Ағады, сарылдайды
|
|
Тапсырма:
1,2 зат есімдерге морфологиялық талдау жаса.
ІІ. Әке, іні, қарындас, атасы, әжесі – қай зат есімнің жалғаулары?
А.с. -
І.с. –ның
Б.с. –на
Т.с. –н
Ж .с -нда
Ш.с. –нан
К.с. –мен
Тапсырма:
- Қай сөздің жалғаулары?
- Б.с. , Т.с. , Ж .с. жалғауларының ерекшелігі
- Қай септік жалғауы үндестік заңына бағынбайды?
Морфология.
Шылау сөздер.
№
|
Мысалдар
|
Септеулік шылау
|
Жалғаулық шылау
|
Демеулік шылау
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
|
Мен, бен, пен
Туралы, сияқты
Ба,бе
Кейде, бірде
Кейін, шейін
Және, әрі
Бірге, қатар
Өйткені, себебі
-ақ , -ау
Немесе, болмаса
|
|
+
|
|
Тапсырмалар:
- кестені толтыр;
- шылау сөздермен сөз тіркестерін құрастыр;
- толық сөйлемдер құрастыр.
Морфология.Тест.
1. Есімдік мағынасына қарай неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.
A) 6
B) 8
C) 7
D) 9
E) 5
2. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.
A) Екінің
B) Екіде
C) Екіден
D) Екімен
E) Екіні
3. Жалқы есім қатарын анықтаңыз
A) қала, көше
B) әңгіме, мысал
C) Сәуле, Қазыбек би
D) экономика, саясат
E) мектеп, көше
4. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды табыңыз
«Отан ... от кешкендер»
A) Ғана
B) Секілді
C) Үшін
D) Туралы
E) Бұрын
5. Туынды етістікті белгілеңіз.
A) ойла
B) отыр
C) тұр
D) жүр
E) бар
6. Тәуелденген сын есімді табыңыз
A) Айтарың бар ма?
B) Жақсың бар ма?
C) Ешкімің жоқ.
D) Біреуің кел.
E) Сенің балаң
7. Жалпылау есімдіктерді табыңыз
A) Бәрі, бүкіл, барлық
B) Өзім, ештеңе, олар
C) Кеше, бүгін, түсте
D) Мен, әрқашан,ол
E) Ешкім, ешнәрсе, ештеңе
8. Жалпы зат есімді көрсетіңіз
A) Қала
B) Құсмұрын
C) Айнакөл
D) Ұлытау
E) Көкшетау
9. «Қарай, сайын» сөздерді қай сөз табына жататынын табыңыз.
A) Одағай
B) Етістік
C) Зат есім
D) Шылау
E) Сын есім
10. Бұйрық рай етістігін анықтаңыз
A) Барамын
B) Келіңіз
C) Келер
D) Айтқым келеді
E) Оқыса
|
11. Сын есімді табыңыз
A) Найза
B) Мезгіл
C) Сырт
D) Қышқыл
E) Өнер
12. Топтау сан есімнің сұрақтарын анықтаңыз
A) Қаншасы? Нешесі?
B) Нешеден? Қаншадан?
C) Нешінші? Қаншасыншы?
D) Нешеу? Қаншау?
E) Қанша? Неше?
13. Көмектес септігіне қатысты септеулік шылауды анықтаңыз.
A) Бірге
B) Шейін
C) Соң
D) Үшін
E) Кейін
14. Есімдіктерді табыңыз
A) Адам, ойын
B) Істе, көр
C) Бала, мектеп
D) Кім, біз
E) Жазғы, көктемгі
15. Қалау райда тұрған сөзді табыңыз
A) Айтып отыр
B) Айтуға болады
C) Айтқан
D) Айтқым келеді
E) Айтса
16. Сын есімді сөз тіркесін табыңыз
A) Ұзақ жол
B) Гүрс-гүрс естілу
C) Сөз сөйлеу
D) Тез ойлану
E) Ойын ойнады
17. Есептік сан есімді көрсетіңіз
A) Он үшінші
B) Бесеу
C) Жүз
D) Екі жарым
E) Бес-бестен
18. Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз
A) Ауылдық
B) Ауыспалы
C) Тәжірибесіз
D) Әдемілеу
E) Күзгі
19. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз
A) Кішкене төбешік
B) Адамның мінезі
C) Биіктеу төбе
D) Таулы жер
E) Ұзын ағаш
20. Болжалдық сан есімді табыңыз
A) Бес-бестен
B) Сағат бесте
C) Бесінші орын
D) Беске таман
E) Бес адам
|
Синтаксис.
І. «Жай сөйлем» тақырып бойынша тірек-схема құрастыр. Мысалдар келтір.
ІІ. 1. Жаңбыр жауып тұр, бірақ ...
2.Не бор жоқ , не ...
3. Саша қазір қыдырмайды, өйткені ...
Тапсырмалар:
- сөйлемдерді аяқта;
- сөйлемдердің түрін анықта;
- талдау жаса.
ІІІ. «Сабақтас құрмалас сөйлем» тақырып бойынша тірек-схема құрастырып толық жауап бер
IV. 1 .... (қашан?) , оқушылар үйіне кетеді.
2 .... (қашан?) , университетке түседі.
3 .... (қашан?) , балалар далаға шықты.
Тапсырмалар:
- сөйлемдерді толықтыр;
- сөйлемдердің түрін анықта;
- талдау жаса.
Синтаксис. Тест.
1. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
A) Оқу басталатын уақыт та жетті.
B) Күн шықты.
C) Мұғалім көңілді.
D) Мектеп тап-таза.
E) Таң атты.
2. Жай сөйлемнің қай түріне жататынын көрсетіңіз.
Балалар кітапханаға кірді.
A) Жақты
B) Жақсыз
C) Атаулы
D) Толымсыз
E) Жалаң
3. Толымды сөйлемді табыңыз
A) Абай Тоғжанмен қимай қоштасты.
B) – Қайда барасың?
C) – Ертең театрға барасыз ба?
D) Ертең келеді.
E) Өзеннен аулаймыз.
4. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Толымды сөйлем
B) Себеп-салдар
C) Мезгіл бағыныңқы
D) Жай сөйлем
E) Мақсат бағыныңқы
5. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
A) Қайда барасыз?
B) Баяу ескен қоңыр жел.
C) Сабақтан кешігуге болмайды.
D) Мен бүгін киноға барамын.
E) Отан-оттан да ыстық .
6. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз
A) Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауады .
B) Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады.
C) Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті.
D) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.
E) Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр.
7. Жай сөйлемнің қай түрі екенін анықтаңыз
Дала боран.
A) Атаулы
B) Жайылма
C) Жалаң
D) Жақсыз
E) Толымсыз
8. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты анықтаңыз
A) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
B) Қыс келгенмен, қар жаумады.
C) Мен барғанша, ол театрға кетіп қалды.
D) Екі қолы дірілдеп, Оспан үйге кірді.
E) Сабақ оқымай , бес алмайсың.
9. Сөйлемді толықтырыңыз: Қазақстанның тұңғыш Елбасы-...
A) Қ.Тоқаев
B) Т.Әубәкіров
C) И.Тасмағамбетов
D) Н.Назарбаев
E) Д.Қонаев
10. Жай сөйлемнің түрін анықтаңыз
-Иә, білемін.
A) Толымды
B) Жақты
C) Атаулы
D) Толымсыз
E) Жақсыз
|
11. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз
A) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкендерді араладық .
B) Мен барғанша, ол кетіп қалды.
C) Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.
D) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.
E) Оқушылар келген соң , сабақ басталды.
12. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз
A) Мен әлі отырмын.
B) Айнала жап-жасыл екен.
C) Мен ояумын.
D) Көктем.
E) Таң атып келеді.
13. Астана қаласы тамаша деп таңқалды келген досым.
Осы сөйлемге қатысты сызбаны табыңыз
A) Автор сөзі: «Төл сөз?»- автор сөзі.
B) «Төл сөз?»- автор сөзі.
C) Автор сөзі: «Төл сөз?».
D) «Төл сөз!»- автор сөзі.
E) «Төл сөз,- автор сөзі - төл сөз?».
14. Бастауышы болмайтын сөйлем түрін анықтаңыз
A) Жалаң
B) Толымсыз
C) Жақсыз
D) Атаулы
E) Жақты
15. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрін табыңыз
A) Жайылма
B) Жақсыз
C) Жалаң
D) Толымсыз
E) Толымды
16. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз
A) Алма, сен бізге келесің бе?
B) Мен бүгін сағат жетіде тұрдым.
C) Айнаның үйі ауылда.
D) Құдияр үйге келді.
E) Автобусқа бір бала кірді.
17. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз
A) Не мақсатпен?
B) Не себепті?
C) Қашанға дейін?
D) Неліктен?
E) Неге?
18. Бастауыш нені білдіретінін табыңыз.
A) Іс-әрекетті
B) Баяндауышта айтылған іс-әрекеттің иесін
C) Қимыл-әрекеттің сынын
D) Заттың белгісін
E) Заттың сынын
19. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз
A) Сәттілік тілейміз үлкен осынау шараға біз.
B) Біз осынау үлкен шараға сәттілік тілейміз.
C) Тілейміз үлкен сәттілік осынау шараға біз.
D) Біз осынау үлкен шараға тілейміз сәттілік .
E) Үлкен осынау шараға сәттілік тілейміз біз.
20. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататын анықтаңыз.
Ол жақсы оқыса, университетке түседі.
A) Шартты
B) Мезгіл
C) Себеп
D) Мақсат
E) Қарсылықты
|
Мәтіндермен жұмыс.
Қазақстанның рәміздері
Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері 1996 жылы қаңтардың 26-сында бекітілді.
Мемлекеттік жалау көгілдір түсті, ұзындығы – 2 метр, ені – 1 метр. Жалаудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында – қыран құс. Жалаудың сол жағында ұлттық өрнек бар. Жалаудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды»,-дейді қазақ . Мемлекеттер елтаңбасында өсімдіктер немесе жануарлар мен құстар суреттеледі. Мысалы, Австралияда – түйеқұс, Ресейде – екі басты бүркіт, Қазақстанда – аңыз пырақтары. Мемлекеттік елтаңбада шаңырақ бейнеленген, айнала уықтар шаншылған, оны пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында жұлдыз, ал төмен жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның авторлары : Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәліков.
2006 жылы қаңтардың 11-де жаңа әнұран алғашқы рет орындалды. Әнұранның сөзін жазған – Нұрсұлтан Назарбаев, Жүмекен Нәжімеденов, ал әні Шәмші Қалдаяқовтікі.
Тапсырмалар:
- мәтіннің мазмұнын айту;
- мәтінде берілген мәлімет әр Қазақстан азаматына керекті, неліктен?
- әңұранды айтып бер.
Қызықты хабардар алуына арналған тапсырмалар.
І. «Хабар» арнасы, «Мысырлық ұлы адамдар» бағдарламасы, «Ел-Арна»-«Азамат» жастар Парламенті», «Қазақстан»-«Көкпар» бағдарламасы-
- не туралы;
- бір бағдарламаның мазмұнын айту;
- өз пікірін айту.
Диалог құру дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалар.
І. Досымен үй жануарлары туралы әңгімелеу, өз пікірін айту.
ІІ. Серуенде сыныптасымен қызықты кітап, қала, отбасы туралы әңгімелеу, өз пікірін айту.
Монолог құру дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалар.
І. Сүйікті мектеп пәні туралы әңгімелеу
ІІ. Отбасының ұнайтын салт-дәстүрлері туралы әңгімелеу.
Жазбаша тіл дамыту дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалар.
І. Сіз Ресейдегі досыңыздан хат алдыңыз. Жауап беріп хат жазыңыз: қала өмірі, өзіңіз туралы.
ҰБТ-ға арналған тесттерде мәтіндермен жұмыс 5 тақырып бойынша берілген : 1) «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел», 2) «Қазақстан Республикасының географиялық орны», 3) «Қазақстанның мәдениеті, өнері», 4) «Елтану», 5) «Қоршаған орта».
11-ші сыныпта сабақты «разминка» ретінде тақырыптар бойынша сұрақтармен бастаймын. Мысалы:
Қазақстан – тәуелсіз ел
- Бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан ұлттық валютасы қай жылы еңгізілген?
- Елтаңбаның түсі қандай?
- Елтаңбаның бес бұрышты жұлдызы ненің белгісі?
- Елбасының «Қазақстан 2030» жолдауы жарияланған жыл
- «Невада-Семей» қозғалысының президенті
- ҚР Мемлекеттік жаңа әнұран сөзінің авторлары
- Мемлекеттік туымыздың түсі ненің белгісі?
- Мемлекеттік елтаңбаның авторлары
- ҚР рәміздері қабылданған жыл
- Ғылым академиясының тұңғыш президенті
- Қазақстан елінің ақшасы
- ҚР Конституция күні
- ҚР Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген
- Ата Заңымыз қай жылы қабылданды?
- Қазақстанда облыстар қай жылы құрыла бастады?
ҚР географиялық орны
- Батыс Қазақстанда өндірілетін кенді анықтаңыз
- Шабғар деп Қазақстанда қай қаланы атаған?
- Қазақстанның көне қалалары
- Қазақстанның орналасқан жерін анықтаңдар
- Қазақстанның ең ірі өзендері
- Әбунасыр Әл-Фарабидің туған қаласы
- Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қалалар
- Қазақстан солтүстігі мен батысында қай елмен шектеседі
- XIX ғасырдың басында «Ақмешіт бекінісі» атанған қала
- Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан қорық
- Қазақстанның көне қалалары
- «Екінші Мекке» деп атанған қала
- Қазақстанның ең биік шыңы
- Еліміздің көмір ошағы қай қала?
- Алтай неге бай?
- Батыс Қазақстанда не өндіреді?
- Қостанай облысында не шығарады?
Қазақстанның мәдениеті, өнері
- Қазақтың тұңғыш кинорежиссері
- Құрманғазының шәкірті
- Ш. Уәлихановтың шын аты
- «Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырған композитор
- Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған суретші
- Сахнада Еңлік , Қыз Жібек бейнелерін ойнаған бұлбұл әнші
- Қазақ , қызғыз халықтарының әдеби мұраларын зерттеген ғалым
- Ш. Айманов еңбек еткен сала
- Қазақтың алғашқы академигі
- Қазақтың тұңғыш журналистері
- «Диуани лұғат-ат түркі» кітабының авторы
- Қазақтың ұлттық саз өнері аспабы
- Ә. Қастеевтің «Қарындасым» портреті қай өнер түріне жататынын анықтаңыз
- Қазақ театрының алғаш шымылдығын ашқан пьеса
- 1925 жылы Парижде ән шырқаған әнші
- Әбілхан Қастеев кім екенін анықтаңыз
- Қай жылы қазақтың ұлттық театры ашылды?
Елтану. Қоршаған орта.
- Қазақ халқының ежелгі баспанасы
- Қазақтың алғашқы академигі
- Мектепке қосым кітап оқитын орынды анықтаңыз
- Қазақстанның жер көлемін анықтаңыз
- Кіші планетаға аты берілген қазақтың ғалымы
- Қаз дауысты Қазыбек қай жүздің биі
- Сидней олимпиадасының чемпионы атанған Қазақстан спортшысы
- Талғат Мұсабаев кім екен
- Қабанбай батырдың шын аты
- Қазақ хандығында ең жоғары билеуші
- «Жеті Жарғы» заңдар жинағын жазуға қатысқандар
- Абылайханның кеңесшілері болған билер
Тапсырмалардың түрлері оқушыларды:
ерекше ойлауға;
өз идеяларын ашық айтуға;
болжамдар жасай білуге;
берілген мәселеге тереңірек бойлауға;
білімге деген жетіспеушілігін сезінуге (дискомфорттық);
белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастыратындай орта жасауға болады екен деген пікірге келдім.
|
Последние новости:
Последние статьи:
Популярные новости:
Популярные статьи:
|